Қазақстанда бетперде тағу режимінің күші жойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда бетперде тағу режимінің күші жойылды

Қазақстанда бетперде тағу режимінің күші жойылды

ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова "Ауа-тамшы жолымен берілетін жұқпалы аурулардың таралуының алдын алу бойынша профилактикалық шараларды күшейту туралы" 2024 жылғы 8 ақпандағы қаулысының күшін жойды

  • 30 Сәуiр
  • 9
Сурет: pixabay

Бұл туралы  Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Құжатта тұмаудың және басқа да жіті респираторлық вирустық инфекциялардың эпидемиялық маусымының аяқталуына байланысты қаулының күші жойылғаны көрсетілген.

«Ауа-тамшы жолымен берілетін жұқпалы аурулардың таралуының алдын алу жөніндегі профилактикалық шараларды күшейту туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2024 жылғы 8 ақпандағы No 2 қаулысының күші жойылсын», делінген 24 сәуірдегі қаулы мәтінінде.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

9 ақпанда құжатта мына жағдайлар қамтылғаны хабарланды:

  • медициналық ұйымдарда мекеме қызметкерлері мен мекемеге келушілердің медициналық бетпердені тағуы, антисептиктердің болуы;
  • Covid-19 коронавирус инфекциясының, тұмаудың және ЖРВИ-дың алдын алу шаралары туралы халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Сондай-ақ, халық көп жиналатын орындарда медициналық немесе шүберек бетперделерді қолдану ұсынылды.

Соңғы жаңалықтар