Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
«Canva сервисінің қызметіне Ішкі істер министрлігінің нұсқауы бойынша тыйым салынды. Тексеруден кейін заң бұзушылықтар жойылды. Жақын арада бұғаттан шығарылады», — делінген Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәлімдемесінде.
Ал Canva сервисінің желідегі ресми парақшасында мәселенің шешілгені айтылған.
«Мәселе шешілді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз. Кэшті, cookie файлдарын және браузерді тазалап, содан кейін қайта жаңартып көріңіз. Сондай-ақ, біздің платформаға басқа браузердің көмегімен кіруге болады. Барлығы орнына келді деп үміттенеміз», — деген пікір қалдырған Instagram парақшасында.
Сондай-ақ, аталған сервис қызметін бұғаттау себебін анықтау мақсатында Ішкі істер министрлігіне сауал жолдадық.