Қазақстанда газ тарифтері жаңаша есептелуі мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 478.58
  • 520.84
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда газ тарифтері жаңаша есептелуі мүмкін

Қазақстанда газ тарифтері жаңаша есептелуі мүмкін

Мәжіліс депутаттары 19 маусымда өткен жалпы отырыста газбен жабдықтау және тауарлық газды үнемді тұтыну мәселелері жөніндегі заң жобасын қарастырды

  • 19 Маусым
  • 10
Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин газ саласы мәселелері бойынша түзетулер туралы айтып берді.

«Газ саласы бойынша ұлттық оператор тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерінің құрылысын жобалауға арналған тапсырмаларды және олардың жобалау-сметалық құжаттамасымен келісетін болады. Сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерінің құрылыс жобаларына техникалық сүйемелдеуді жүзеге асырады. Сонымен қатар, газды үнемді пайдалануды ынталандыру, ішкі нарықта сату кезінде газды есепке алудың ашықтығы мен автоматтандырылуын қамтамасыз етеді. Жеке газ тарату ұйымдарының қызметін мемлекеттік реттеу және тариф қалыптастырудың жаңа әдістерін енгізеді», — деді Еділ Жаңбыршин.

Айта кетейік, 2024 жылғы 12 маусымда Ақордада Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев 1 шілдеден бастап Қазақстанда сұйытылған газ бағасын көтеру жоспары туралы айтты.