Қазақстанда шаш қию бағасы шарықтап кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 478.58
  • 520.84
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда шаш қию бағасы шарықтап кетті

Қазақстанда шаш қию бағасы шарықтап кетті

Елімізде шаштараз және сұлулық салоны қызметтерінің бағасы бір жыл ішінде 12%-ға өскен.

  • 23 Маусым
  • 8
Фото: Pexels

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Finprom.kz сайтының мәліметінше, биыл қаңтар-наурыз айларында шаштараз және сұлулық салондары көрсеткен қызмет көлемі 18,7 млрд теңгені құраған.

Бұл — өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,3 есе артық. Бір жыл бұрын өсім 18,2%-ға дейін тіркелген еді.

2024 жылдың мамыр айының соңында шаштараздар мен сұлулық салондарындағы қызметтердің бағасы айына 1,4%-ға өскен.

Бір ай бұрын 1,2% өсім байқалса, өткен жылдың сәйкес кезеңінде 0,5 пайызды құраған болатын.

Бір жыл ішінде шаштараз және сұлулық салондарындағы қызметтердің бағасы 12,1%-ға артып отыр. Бір жыл бұрын бағаның жылдық өсімі 16,6%-ға тең еді.

Атап айтсақ, бір жыл ішінде маникюр қызметі — 15,9%-ға, әйелдер мен ерлердің шаш қиюы тиісінше 14,5%-ға және 11,4%-ға артқан.

Ал, эпиляция және педикюр қызметтерінің бағасы сәйкесінше 8,3% және 7,1% дейін өскен.

Елімізде әйелдердің шаш қиюына орташа есеппен 3,6 мың теңген қажет екен. Ерлердің шаш қиюының орташа бағасы 2,5 мың теңгеге тең.

Әйелдердің шаш қиюының ең жоғары бағасы Алматы және Астана қалаларында тіркелді (5,3 мың және 4,5 мың теңге).

Ерлердің шаш қиюы Алматы мен Қарағанды облысында қалтаға салмақ салады. Аталған шаһарлардағы баға, сәйкесінше 3,6 мың және 3,1 мың теңгені құрап отыр