Қазақстандық спортшы Азия теннис федерациясының рейтингінде көш бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 442.05
  • 474.14
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
1 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық спортшы Азия теннис федерациясының рейтингінде көш бастады

Қазақстандық спортшы Азия теннис федерациясының рейтингінде көш бастады

Қазақстандық Айша Сайран 16 жасқа дейінгілер арасында Азия теннис федерациясының рейтингінде көш бастады.

  • 18 Сәуiр
  • 48
Фото: Olympic.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жаңартылған рейтингіде Айша Сайран 1 574 ұпаймен бірінші орынға көтерілді. Тағы бір қазақстандық Аделина Маманфина 1 497 ұпаймен екінші сатыда тұр. 

Сондай-ақ 14 жасқа дейінгілер арасында Tennis Europe рейтингісінде Родион Трайгель 27-орынға шықты.

Родион Малайзияда өткен Азия чемпионатында жартылай финалға дейін жеткен еді. Роберт Каминский – 42, Аңсар Ниетқалиев 69-сатыда келеді. Ахмади Мақанов бірден 74 сатыға жоғарылады, қазір ол 111-інші, Диас Төлепбергенов 116-орында (+44). Қыздар арасында Руслана Русланова 80-сатыда. 

Жасөспірімдер арасында ITF рейтингісінде ТОП-100-де төрт бірдей қазақстандық теннисші бар. Әмір Омарханов – 13, Даниал Рахматуллаев – 68, Соня Жиенбаева – 30, Асылжан Арыстанбекова 41-орында келеді.

Олардың барлығы жасөспірімдер арасындағы «Ролан Гаррос» турниріне қатысудан үмітті.

Соңғы жаңалықтар