Қазақстанға араб елдерінен келген туристер саны 62%-ға артты - kaz.caravan.kz
  • $ 511.59
  • 575.28
+15 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанға араб елдерінен келген туристер саны 62%-ға артты

Қазақстанға араб елдерінен келген туристер саны 62%-ға артты

Оманнан келгендер саны 80%-ға артып, 15 мыңнан асты

  • 30 Сәуiр
  • 4
ФОТО: Sputnik

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

2024 жылы бес араб елінен келген туристер саны 62%-ға өсті. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

«Оманнан келгендер саны 80%-ға артып, 15 мыңнан асты. Біріккен Араб Әмірліктерінен келген туристер 40%-ға көбейіп, 14,7 мың адамға жетті. Сауд Арабиясынан 9 мыңнан астам турист келген (өсім – 47%), ал Қатардан келгендер саны 1,5 есеге, Бахрейннен келгендер саны 4 есеге артқан», — деп жазылған хабарламада.

Айта кетері, 2023 жылы TravelScapes басылымы Қазақстанды Таяу Шығыс саяхатшылары үшін ең үздік бағыттардың бірі деп таныған болатын. Биыл Ораза айт мерекесінде Қазақстан араб елдерінен келген туристер үшін ең танымал бағыттардың қатарынан көрінді.

Айта кетері, Дубайда 28 сәуір мен 1 мамыр аралығында өтіп жатқан Arabian Travel Market халықаралық көрмесінде еліміздің туристік әлеуетін 30-ға жуық компания таныстырып жатыр.

Ауданы 73,5 шаршы метр болатын ұлттық стендте Алматы, Астана және Байқоңыр бағыттары ерекше көрсетілді. Көрмеге келушілерге мәдени және гастрономиялық турлардан бастап ғылыми-танымдық бағыттарға дейін түрлі туристік өнімдер ұсынылуда.