Қазақстанның 8 өңірінде төтенше жағдай режимі сақталып отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+34 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның 8 өңірінде төтенше жағдай режимі сақталып отыр

Қазақстанның 8 өңірінде төтенше жағдай режимі сақталып отыр

Қазіргі кезде сегіз өңірде жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай режимі сақталып отыр. Тұрғындар азық-түлікпен және дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілген.

  • 15 Мамыр
  • 7
Фото: ашық дереккөз

Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев мәлімдеді.

«Осы аптада Атырау облысында су тасқынының шарықтау шегі болады деп болжанып отыр. Бүгінде Жайық өзеніндегі су деңгейі Индербор және Махамбет кенттеріндегі су бекеттеріндегі қауіпті белгілерден асып түсті. Қазіргі уақытта өңірде аумаққа топырақ үю, құм толтырылған қапшықтарды төсеу, топырақтан біліктер салу және су айдау жұмыстары жүргізіліп жатыр», — деді Қанат Бозымбаев.

Су басқан аймақтардан 119 мыңнан астам адам, оның ішінде 44 мың бала эвакуацияланды. Бүгінгі таңда 55,6 мың адам өз үйлеріне оралды. Әзірге эвакуациялау бекеттерінде 5 мыңға жуық азамат қалды.

Ресми мәлімет бойынша 12 908 тұрғын үй су астында қалған. Соның ішінде үш өңірде әлі 264 үй су астында қалып отыр. Сонымен қатар 25 921 саяжай учаскелері су астында қалды.