Қазақстанның қай өңірінде биыл бидай өнімі жоғары болады - kaz.caravan.kz
  • $ 465.08
  • 536.52
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Тамыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның қай өңірінде биыл бидай өнімі жоғары болады

Қазақстанның қай өңірінде биыл бидай өнімі жоғары болады

«Қазгидромет» РМҚ 2026 жылға жаздық бидай өнімділігі алдын ала болжамын шығарды

  • 13 Тамыз
  • 1
Фото: Ақорда.кз

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Алдын ала есептеулер бойынша ағымдағы жылы орын алған және күтілетін агрометеорологиялық жағдайларды ескере отырып, 2026 жылы жаздық бидайдың өнімділігі көбінесе орташа көпжылдық мәндер шамасында болады деп күтіледі.

Бірнеше онжылдық бойы Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Абай және Шығыс Қазақстан облысының жекелеген аудандарында бидай мол түсетіні хабарланаған.

Ал орташа көпжылдық мәндерден жоғары көрсеткіш бойынша Шығыс Қазақстан облысының Глубокое және Катонқарағай аудандары байқалып отыр.

Астық егетін өңірлер бойынша өнімділік болжамы «Қазгидромет» РМК ресми сайтында және фермерлерге арналған «AgroData» қосымшасында бар.