Қазақты іштей ірітіп отырған діни ағымдарға қатаң тиым салынуы керек - kaz.caravan.kz
  • $ 442.05
  • 474.14
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
2 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақты іштей ірітіп отырған діни ағымдарға қатаң тиым салынуы керек

Қазақты іштей ірітіп отырған діни ағымдарға қатаң тиым салынуы керек

Қазақта жаман ырым жоқ. 

  • 19 Сәуiр
  • 44
Фото: ашық дереккөз

Алдыңғы арба қайда жүрсе, кейінгі арба сонда жүреді. Қазіргі «алдыңғы арбалар» қиқылдап, шиқылдап, қиралаңдап, жолынан адасып, артындағыларды құрдымға тартып кетіп барады.

Ұршық иіру ұлттық құндылығымыз. Алайда, қоғамда басқаша ойлайтындар іріткі салып, қазақтың бар жақсысы мен ұлттық дүниелерін жоққа шығара бастады. Caravan.kz медиа порталы мәселені зерделеп көрді. 

Елімізде су тасқыны басталғалы халық суды қайтарудың амалдарын қарастырып, наным-сенімдерді қолданысқа айналдыра бастады. 

Солардың бірі – ұршықты теріс иіру ырымы.

Оралдық 73-жастағы әже Жайық жағасына барып ұршығын теріс иіріп, бата оқыған. Ата-бабамыздан келе жатқан ырымды әжесінен естіген екен, ертеде қазақта өрт болып, сонда әжелер ұршықты теріс иіріп желдің бетін қайтарыпты. Содан өрт басылған екен. 

Шын ниетімен осы ырымды тасқынның бетін қайтаруға көмектеседі деп істеген. Дәл сол кезде тасқынға қарсы дамба көтеріп жатқан жігіттердің ішінде бір жігіт: “Шаманизм, шаманка, бұл неге керек!” депті. Әже мен бейтаныс жігіт дауласып қалады. Видео тез арада тарап кетті. 

«Теріс ағымдағы жігіт болу керек. Әйтпесе, бұлай айтпайтын еді. Иегінде жоқша сақалы бар. Шошайып тұр. Менің де тілім шапшаңдау адаммын. Айтып тастадым. “Шаманка” дегеніне шыдамадым. Енді барынша түсіндіріп айттым. Егер түсінген болса, бірақ ол бала түсінетін жастан өтіп кеткен сияқты. Кейіннен әлеуметтік желіге таралған видеоға комментарий де жазыпты. “Сен мені бала депсің, бала дегенің осыдан 30 жыл бұрын дүниеге келген” депті. “Айналайын, дұрыс жазыпсың. Осының барлығы 30 жыл бұрын басталған. Елге теріс ағымдағы дін сол кезден бастап кірген еді. Сен солардың піскен жемісі болып тұрсың” деп мен де жазып жібердім. Басқа не айтамын?”, — дейді Сәуле әже.

Бұл мәселе әлемжеліде бірсыпыра дау туғызды. Әжені мақтап, ер адамды даттағандар да, керісінше, ер адамды мақтап әженің әрекетін теріс дегендер де табылды.

«Көзі ашық бахабистерге» қарсы челлендж басталыпты. Өткенде су тасқынына қарсы бір апамыз ұршық иіріп еді. Сол апамызға қарсы діни фанатиктер «ширк», бәлен түген деп ұрсып еді. Енді апамызды қолдау үшін қыз-келіншектер жаппай ұршықпен фотоға түсіп, онысын әлеуметтік желіге жүктеп жатыр»,- деп жазды Оңғар Қабден. 

Ал белгілі журналист Сәуле Әбілдаханқызы ұршық иіруден 11 қызды шаң қаптырғанын айтып, мақтанды.

«10-12 жасымда анам үйреткен… 13-14 жасымда ауылдан Алматыға кетіп, 4 жыл қолыма ұршық ұстамаған едім… Осы байқауда (1990 ж. 18 жас) ұршық иіруден 11 қызды шаң қаптырғам… (тағы да мақтанып қояйын…)

Мына суретте дұрыс көрінбейді… «Лениншіл жас» газетінің сол күндердегі нөміріне жіпті төбемнен асырып, 1 метрге жеткізе иірген қатқан суретім шыққан…», — деп жазды ол. 

Сол жылдары еліміздің бас идеологы Өзбекәлі Жәнібеков еді. Бірер сәт қана болса да, көзіммен көріп, дауысын естіген мен бақыттымын негізі. «Ең парасатты қыз» деген ең үлкен номинация, айналайын, құтты болсын!..» деген жылы да жұмсақ үні құлағымда мәңгі қалды… Ұлттық рухты дүр сілкіндіріп оятқан, бүкіл халықты айрандай ұйытып, ешқандай ұрансыз-ақ елдің бетін бір бағытқа қарата білген нағыз мемлекетшіл басшы еді… 

Қазақтың салт-дәстүрін, ұстанымын, әдеп-ғұрпын, ырымын, жалпы қазақылықты жоюға бағытталған бұл теріс ағымдарға тосқауыл осылай болса керек-ті.

Соңғы жаңалықтар