Жарияланды: 480

«KAZENERGY» Қауымдастығының жаңа бас директоры тағайындалды

«KAZENERGY» Қауымдастығының жаңа бас директоры тағайындалды

«KAZENERGY» Қауымдастығының басқару құрылымына өзгерістер енгізілді.

«KAZENERGY» Қауымдастығының төрағасы Тимур Құлыбаевтың шешімімен Жанболат Сәрсенов Қауымдастық төрағасының орынбасары қызметіне ауыстырылды, деп хабарлады Қауымдастықтың баспасөз қызметінен. Жарғыға сәйкес Қауымдастық төрағасының орынбасары төраға болмаған уақытта оның міндеттерін атқарады: Қауымдастықтың атқарушы комитетінің және бас директорының жұмысын үйлестіреді; ҚР мемлекеттік органдары, шетелдік және халықаралық ұйымдар алдында Қауымдастық атынан өкілдік етеді; Қауымдастықтың құрылтайлық құжаттарына сәйкес және төрағаның тапсырмасымен тұрақты түрде өзге де міндеттерді жүзеге асырады. Қауымдастық қызметкерлері алдында сөйлеген сөзінде Тимур Құлыбаев Жанболат Сәрсеновтың бас директор қызметіндегі жұмысына жоғары баға берді. Тимур Құлыбаев Қауымдастықтың ұжымына жаңа бас директор Әсет Мағауовты таныстырды. Мағауов Әсет Маратұлы 1972 жылы 28 қарашада Атырау облысының Құлсары кентінде туған. 1994 жылы Губкин атындағы мемлекеттік мұнай және газ академиясын бітіргеннен кейін еңбек жолын экономист ретінде бастады, кейін «Теңізмұнайгаз" АҚ бөлім басшысының орынбасары болып тағайынлады. Ол «Теңізшевройл» ЖШС бас директорының орынбасары болды, елдің салалық компанияларында сервистік жобаларды басқарды, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның басқарушы директоры қызметін атқарды. 2009-2011 жылдар аралығында ҚР энергетика және минералды ресурстар вице-министрі, кейін мұнай және газ вице-министрі болды. 2011 жылдан бастап 2012 жылға дейін «Қазмұнайгаз" АҚ-ның бас директоры болды. Үйленген, 2 баласы бар.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін