«KazSat-2» спутнигінің жиілік ресурсын пайдалану туралы Келісімге қол қойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«KazSat-2» спутнигінің жиілік ресурсын пайдалану туралы Келісімге қол қойылды

«KazSat-2» спутнигінің жиілік ресурсын пайдалану туралы Келісімге қол қойылды

Қазақстан мен Ресей арасында «KazSat-2» спутнигінің жиілік ресурсын пайдалану туралы Келісімге қол қойылды,

  • 1 Маусым 2011
  • 498
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады қазақстандық ведомствоның баспасөз қызметі.

Аталған келісімге Байланыс саласындағы аймақтық достастық әкімшілігі басшыларының Кеңесі (БСАД ӘК) отырысы шеңберінде ҚР Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев пен РФ Байланыс және бұқаралық коммуникация министрі Игорь Щеголевтің қатысуымен қол қойылды.

Келісімде «KazSat-2» қазақстандық спутнигінің жұмысына қажетті 86,5°орбиталық позициядағы жиілік ресурсын Қазақстан тарабына уақытша пайдалануға беру туралы көрсетілген. Қазіргі уақытта Халықаралық электробайланыс одағында аталған орбиталық позицияға ресейлік «KUPON-4M» спутниктік желісі үшін сұраным білдірілген.

Келісім нәтижесінде Ресей Федерациясының шешімі бойынша «KUPON-4M» спутниктік желісінің жиілік ресурсының негізінде Қазақстан Республикасының «KazSat-2» спутнигінің 86,5°орбиталық позициядағы шығыс бойлығында уақытша жұмыс істеуіне рұқсат етілді.

Екі жақ аталған жиілік ресурсын халықаралық-құқықтық қорғау мәселелерінде бір-біріне көмек көрсету туралы өзара келісті.

Келісім қол қойған күннен бастап, өз күшіне енді.

Соңғы жаңалықтар