KBS Garant, БТА және "Premier страхование" компаниялары табиғи апаттарға байланысты тәуекелдерді қайта сақтандыру туралы catXL келісіміне қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 522.91
  • 548.85
-15 °C
Алматы
2024 Жыл
13 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
KBS Garant, БТА және "Premier страхование" компаниялары табиғи апаттарға байланысты тәуекелдерді қайта сақтандыру туралы catXL  келісіміне қол қойды

KBS Garant, БТА және "Premier страхование" компаниялары табиғи апаттарға байланысты тәуекелдерді қайта сақтандыру туралы catXL келісіміне қол қойды

KBS Garant, ТұранӘлемБанкі және "Premier страхование" сынды сақтандыру компаниялары табиғи апаттарға байланысты тәуекелдерді қайта сақтандыру туралы catXL келісіміне қол қойды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ТұранӘлемБанкі баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 13 Мамыр 2004
  • 683
Фото - Caravan.kz

Келісімді қайта сақтандыру міндетін Hannover Re, Trans Atlantic және бас пәтері Лондондағы Lloyd синдикаты тәрізді халықаралық сақтандыру қоғамдары өз мойнына алды. Ал тәуекелдерді сақтандыру қоғамдарына тарата жүктеу жұмысын Robert Fleming Insurance Brokers Ltd (Лондон) атты халықаралық сақтандырушы брокерлік ұйым атқарады. Келісім бойынша барлық сақтандыру төлемдері шығын түріне немесе оның көлеміне байланысты емес, қандай жағдайда да тиісті тәртіппен төленеді.

ТұранӘлемБанкі басқармалары төрағасының орынбасары Рүстем Исламовтың айтуынша, «жоғарыда аталған үш сақтандырушының клиенттері қазірдің өзінде қандай да қауіп-қатерден қаржылық тұрғыда жоғары деңгейде қорғалған. Олар үшін ұлығаусар табиғи апаттың қаупі де сақтандырылады. Мұндай қызмет түріне деген сұраныстың қажеттігі анық. Сол себепті қазақстандық сақтандырушылар оларға үлкен үміт артуда».
Р.Исламов : «әсіресе Алматы мен Алматы облысында табиғи апат қаупі төтенше жоғары. Біз төлемдік қабілеттілікке байланысты қосымша кепілдікке ие болумен бірге әріптес-компаниялармен бірлесе отырып заңды және жеке тұлғалар үшін осындай тәуелкелдердің орнын толтыратындай бірқатар арнаулы бағдарламалар жобасын жасадық»,- деп атап көрсетті.
«Алматы өңіріндегі сейсмологиялық қауіп-қатер, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарындағы жер сілкінісі, сел, көшкін сынды табиғи апаттар мен оларға байланысты туындайтын тәуекелділіктер құрылыс саласына және жалпы тұрғын үй рыногіне әсер ететіні сөзсіз. Соған сәйкес Тұрғын үй құрылысы бағдарламасын жүзеге асыру құрылысшылар мен үй қожайындарының тәуекелділігі қаншалықты деңгейде сақтандырылған, сондай-ақ, сақтандырушылардың өздерінің тәуекелге бару деңгейі қаншалықты қайтадан сақтандырылған дегенге байланысты»,- деді Р.Исламов.
Р.Исламовтың айтуынша, әрбір сақтандыру компаниясы мүлік сақтандыру жөніндегі ірі келісімдерге қол қою барысында өз мойнындағы тәуекелдің біраз бөлігін қайта сақтандырып, өзі ұстап қалатын белгілі мөлшердегі процентті белгілейді. Қандайбір табиғи апат болып, сақтандыру келісімі күшіне енген кезде осындай келісімдер саны көп болған жағдайда төлемдер мөлшерінің айрықша ауқымдылығынан компанияға банкроттықа ұшырау қаупі төнуі мүмкін. Ал catXL келісімі сақтандыру компаниясының төлемдік қабілетіне қосымша кепілдік берумен бірге компанияның өз қолында ұстап қалатын процентінің мөлшерін арттыруға мүмкіндік береді.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 14-сәуірде өткен ҚР үкіметінің отырысында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007-жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы мақұлданды. Бағдарламаға сәйкес, осы үш жылда елімізде жалпы аумағы 12 млн. шаршы метрді құрайтын тұрғын үй құрылысы салынады деп күтілуде.