“Кедейлікте өскен бала 10,15 жылдан кейін түрмелерді толтырады” - коуч Роза Әшірбаева - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Кедейлікте өскен бала 10,15 жылдан кейін түрмелерді толтырады” - коуч Роза Әшірбаева

“Кедейлікте өскен бала 10,15 жылдан кейін түрмелерді толтырады” - коуч Роза Әшірбаева

Коуч әрі блогер Роза Әшірбаева кедейлік туралы айтты.

  • 9 Наурыз 2023
  • 1033
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол "Byzden syzge" Youtube арнасына берген сұхбатында айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Кедейлікте өскен бала 10,15 жылдан кейін түрмелерді толтырады. Ол факт. Егер түрмеге баратын болсаңыз, түрмеде отырғандардың 90% пайызы кедей отбасынан шыққан адамдар. Шетелдік инвесторлар ол коэфициентті көреді де, сол коэфициентке қарап сол ақшаны жақын арадағы 20-30 жылға жоспарлайды. Мысалы, 2023 жылы коэфициенті осылай жоғары болатын болса, 23 жылы туылған балалар сол кедейлікте 10,15 жылдан кейін ұрлықтың көбеюі, жұмыссыздықтың көбеюі, білімсіздіктің көбеюі ол мемлекеттің экономикасына ақша салсақ, біз табысымызды шығара алмаймыз деп инвесторлар алдымен сол коэфициентке қарайды. Кедейлікте, жалпы жоқшылықта өскен бала қоғамда өзіне сенімсіз. Оған білім алу өте қиын. Оқуға түскеннің өзінде де оған білім алу өте қиын. Бұл адамдар қоғамға барғанда қандай үлес қосады? Ешқандай десе де болады. Олар тек қана мемлекеттің жәрдемақысына, беретін көмегіне ғана қарап отырады. "Жұмыс жоқ" деп отырады, "мемлекет маған жұмыс тауып берсін" деген ұғыммен өседі. Ол мен айтып жатқан нәрсе емес, ол ғылыми зерттелген нәрсе", — деді Роза Әшірбаева.


 

Соңғы жаңалықтар