Премьер- министрлердің бас қосуында тарифтік бағалар, тасымалдау, энергетика және қаржы-экономикалық саласына қатысты мәселелерге арналған 17 келісім -шарт жобасы талқыланады.
Бұдан бұрын хабарланғанындай, ЕурАзЭқ мемлекет басшыларының 6 қазанда өткен бас қосуында, Беларусь, Ресей және Қазақстанның кедендік үштік одағын құру мәселесіне арналған бірқатар құжаттарға қол қойылып, негізгі «Біртұтас экономикалық кеңістік туралы» келісіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Жасалған келісім-шарт бойынша, кедендік одақтың комиссия алқасына үкімет басшыларының орынбасарлары мүше болады.
Біздің тілшімізге сұхбар берген С.Пірімбетов мырзаның сөзіне сүйенсек, «бүгінде кеден бекеттерін қысқарту мәселесі толық шешілмеген. Сондықтан қазіргі кезде Қазақстан мен Ресей арасындағы шекаралық өткізу бекеттерін құру, онда кеден, шекара, санитарлық эпидимиологиялық қызметтердің болуына үлкен мән берілуде».
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті