Жарияланды: 420

Кедендік Одақ құрылғанмен қазақстандық қамтудың өзектілігі жойылмайды

Кедендік Одақ құрылса да, қазақстандық қамтудың өзектілігі жойылмайды. Бұл туралы бүгін Астанада Bnews.kz порталында өткен онлайн-конференция барысында «Жергілікті қамтуды дамытудың ұлттық агенттігі» АҚ төрағасы Жандарбек Кәкішев мәлім етті.

«Соңғы кездері Кеден Одағы құрылды, енді қазақстандық қамтудың өзектілігі жойылады деген әртүрлі әңгімелер көбейіп кетті. Бұл тіптен қате пікір. Қазастанға жаңа өнім шығаруға және жаңа өндірістерді ұйымдастыруға ешкім ешқашан тыйым сала алмайды», - деді интернет пайдаланушылардың сауалына жауап қайырған Ж. Кәкішев. Оның айтуынша, соңғы бір-екі жыл ішінде жергілікті қамтуды дамытудың қазақстандық үлгісі пайда болды. Және ол алдағы жылдары шет ел мамандарының ықпалдастығы негізінде бұдан әрі жүйеленіп, салалана бермек. Себебі ол Қазақстанның индустрияландыру саясатына тікелей байланысты. «Біз былтыр ҮИИДБ аясында 152 нысанды іске қостық. Биыл 75 нысанды пайдалануға бердік. Осылайша, біз индустрияландырудың қазақстандық моделін қалыптастыру жолын салып келеміз», - деді ол. Дегенмен әзірше елде қазақстандық қамтудың ең көп үлесін әлі де болса өңдеуші сала емес, шикізаттық сектор алуда.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін