«KEGOC» биыл таза табысының 100 пайызын дивиденд төлеуге жұмсамақ - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«KEGOC» биыл таза табысының 100 пайызын дивиденд төлеуге жұмсамақ

«KEGOC» биыл таза табысының 100 пайызын дивиденд төлеуге жұмсамақ

«KEGOC» компаниясы биыл алғаш рет жай акциялар бойынша дивидендтер төлеуді 25 мамырдан бастайды.

  • 14 Мамыр 2015
  • 508
Фото - Caravan.kz

Бұл ретте компания таза табысының 100 пайызын дивиденд төлеуге жұмсауды көздеп отыр. Бүгін Парламент Сенатында «Халықтық ІРО бағдарламасының жүзеге асуы» тақырыбында өткен дөңгелек үстелде «KEGOC» АҚ басқарма төрағасы Бақытжан Қажиев осылай мәлім етті.

Айта кетейік, былтырғы жылы «KEGOC» АҚ жай акциялары «Халықтық ІРО» бағдарламасы бойынша қор нарығына шығарылып, 25 млн. 999 мың 999 акциясы халыққа сатылған болатын. Бір акция құны 505 теңгеден сатылып, одан компанияға 13 млрд 130 млн. теңге пайда түсті.

«2014 жылдың қорытындысы бойынша біздің компанияның таза табысы 8,6 млрд теңге шамасында болып отыр. Біз жақында алғаш рет бұқаралық компания ретінде жалпы жиналыс өткіздік. Онда Директорлар кеңесінің ұсынысы бойынша компанияның 100 пайыз таза табысын жай акцияларға дивиденд төлеуге бағыттау туралы шешім қабылданды. Бір жай акцияға 33 теңге 13 тиыннан келіп отыр», — деді Б.Қажиев.


Оның айтуынша, дивидендтер төлеу мерзімі 25 мамырдан басталады.

null