Кейде әйел сүйгені үшін, түсінгені үшін, адал болғаны үшін жазаланады - Жұлдыз Әбдікәрімова - kaz.caravan.kz
  • $ 465.08
  • 536.52
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Тамыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кейде әйел сүйгені үшін, түсінгені үшін, адал болғаны үшін жазаланады - Жұлдыз Әбдікәрімова

Кейде әйел сүйгені үшін, түсінгені үшін, адал болғаны үшін жазаланады - Жұлдыз Әбдікәрімова

Танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова Алматы қаласында өткен "Сен және Мен" қойылымынан кейін көрермендерге алғыс айтты.

  • 10 Тамыз
  • 6
Фото: www.instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Өнер иесі спектакльден кейінгі әсерімен әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Ол жаңа жазбасында әйел тағдыры, ана жүрегі, махаббат, адалдық пен өмірдегі күрделі таңдаулар секілді тақырыптар төңірегінде сыр шертті.

«Кейде әйел сүйгені үшін, түсінгені үшін, адал болғаны үшін жазаланады. Кейде ана жүрек өзгенің баласын өзімдей көріп, бауырына басқаны үшін таңдау құрбандығына шалынады. Кейде өз өмірін ретке келтіруге тырысқаны үшін жапа шегеді. Кейде бақытты болуға тырысқаны үшін ұятты болады.

Осының ішінде бір анығы болса, ол – әйел ешқашан ана болудан бас тарта алмайды», – деп жазды актриса.

Желі қолданушылары да өз пікірлерін білдіріп, актрисаның жазбасына түрлі пікір қалдырды. Кейбір көрермендер спектакльдегі оқиғаларды Жұлдыз Әбдікәрімованың өз өмірімен байланыстырып, «өз өмірінен алынғандай» әсер қалдырғанын жазып, қызу талқылауда.