Жарияланды: 20

"Кейде ұлым сабаққа аш кетеді": Көзі көрмейтін жігіт аула сыпырып жүр

"Кейде ұлым сабаққа аш кетеді": Көзі көрмейтін жігіт аула сыпырып жүр

Шымкент тұрғыны Нұртілеу Жаналиевтың бір көзі мүлде көрмейді, екіншісі әлсіз. Соған қарамастан 10 жылдан бері аула сыпырушы болып еңбек етеді. Нұртілеу жалқаулық пен жұмыссыздық ауру шақырады дейді. Сондықтан өзі бір тынған емес.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik Казахстан-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Осы уақыт аралығында ол отбасын құрып, көпбалалы әке атанды.

"Жұмысты жақсы көремін. Жұмыстан қайтпаймын. Жұмыс істемесем бала-шағамды кім асырайды? Басшылық ешқандай қысым жасамайды. Жағдайымды түсінеді", - дейді аула сыпырушы Нұртілеу Жаналиев.

Нұртілеу жалқаулық пен жұмыссыздық ауру шақырады дейді. Сондықтан өзі бір тынған емес. Алайда алаяқтардың арбауынан кейін баспанасыз қалғаны жанына батады. 

"Алдағы мақсатым – үй алу, бала-шағамды жеткізу. Басқа маған ешнәрсе керек емес. Бастысы бала-шағам өзім сияқты қиыншылық көрмесе деймін. Кейде үлкен ұлым сабаққа аш кетеді. Мен не істеймін? Балама "өмірдің қиындығына шыда" деп айтамын. Мен де әкем қайтыс болғаннан кейін 11-12 жасымнан пәтерде келе жатырмын ғой", - дейді аула сыпырушы Нұртілеу Жаналиев.
 

"Жұмыс оңай емес. Басшылардың тапсырмасын орындауға тырысыамыз. Нұртілеу Жаналиев ешқашан бізді ұятқа қалдырмаған. Жұмысына көңіліміз толады. Жұмысты бөлгенде ол жігітті еш жерге жалғыз жібермеймін", - дейді бригада шебері Үсіп Құдайсүгіров.

Нұртілеу 4 баласы мен жүкті әйелінің жатақхананың жалдамалы бөлмесінде тұрып жатқанына қынжылады. Тапқаны отбасының керек-жарағынан ауыспайды.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін