Кейкі батырдың басы жерленетін жер белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кейкі батырдың басы жерленетін жер белгілі болды

Кейкі батырдың басы жерленетін жер белгілі болды

Қазақ халқының осыдан 100 жыл бұрын өткен Ұлт азаттық көтерілісінің батыры, әйгілі Кейкі мергеннің бас сүйегі оның денесінің қайда жерленгені анықталған соң, Қостанай облысы, Амангелді ауданының Тасты елді-мекеніне жерленетін болады.

  • 7 Қараша 2016
  • 675
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Сенатор Серік Ақылбай мәлімдеді.

Сенатор BNews.kz. порталының тілшісіне берген сұқбатында мемлекеттік комиссияның шешімімен аталған ауылға жерленетінін жеткізген.

«Кейікі батырдың қайда жерленетіні анықталды. Осыған байланысты жақында арнайы отырыс өтті. 1916 жылдың даңқты батырын мемлекеттік комиссияның шешімімен өзі туған ауылға жерлеуді ұйғардық. Бұл Қостанай облысының Амангелді ауданына қарасты Тасты деген ауыл» — дейді сенат депутатты Серік Ақылбай.

По его словам, рядом находится пустой маза­р (могила), который­ построили родственни­ки легендарного батыр­а.

Оның айтуына қарағанда Кейкі батырды жерлеуге белгіленген орынның қасында батырдың туысқандары тұрғызған мазар да бар екен.

«Бірақ ол тым жұтаң. Сол себепті де Кейкі батырдың ерлік жолын, батырлық рухын кейінгі ұрпаққа үлгі ретінде көрсеткіміз келсе Кейкінің атақ-дәрежесіне сай кесене болуы керек. Осыған байланысты Кейкі батырдың бас сүйегін жерлеу мәселесі бойынша құрылған комиссияның шешімімен мемлекет қаражатына зәулім күмбез тұрғызылатын болады. ЖӘне батырдың жерлеу рәсімі салтанатты түрде өтеді деп жоспарлап отырмыз» — дейді Серік Ақылбай.

Сонымен қатар ол Кейкінің елге жеткізілген басын жерлемес бұрын атқарылуға тиіс тағы бірнеше шараның бар екенін айтты. Ол – Кейкі батырдың денесінің қайда екенін және жұбайының қайда жерленгенін анықтау. Сондай-ақ батырдың басқа да марқұм болған туыстарын анықтау.


Естеріңізде болса, бұрынғы Премьер-министр Кәрім Мәсімовтің араласуымен 1916 жылғы ұлт азаттық қозғалысының батыры, әйгілі Кейкі мергеннің бас сүйегі елімізге жеткізілген болатын.

Соңғы жаңалықтар