Жарияланды: 380

Келбетімен еркектердің көз құртына айналған жекпе-жекті меңгерген қазақстандық спортшы арулар

Келбетімен еркектердің көз құртына айналған жекпе-жекті меңгерген қазақстандық спортшы арулар

Әлемде ерлерге тән емес спорт түрлерімен айналысса да өзінің сұлулығымен әлемнің назарына іліккен арулар жетерлік. Әсіресе жекпе-жек спортында келісті кескін-келбетімен көптің жүрегін жаулаған қыздар баршылық.

Елімізде де жекпе-жекпен айналысатын хас сұлулар бар. Caravan.kz медиа-порталы сондай сұлулардың бірқатарына тоқталғанды жөн көрді.

Мөлдір Мекенбаева

Мөлдір Мекенбаева джиу-джитсудан әлем чемпионы. 1997 жылы Алматыда дүниеге келген. Физика-математика мектебін алтын белгімен бітірген. Мөлдір қазіргі кезде Астана қаласындағы Назарбаев университетінің студенті.

Бұған қоса ол шығармашылық өнермен де айналысады. Осы уақытқа дейін бірнеше отандық фильмге түсіп үлгерген. Алғашқы киносы «Мұра бойынша махаббат» деп аталса, соңғы рет былтыр «Батырлар жолы» тарихи фильміне түсіп, Қарасай батырдың жары Бибігүлдің рөлін сомдады.

Джиу-джитсу қыздар үшін ауыр спорт түрі болып саналса да Мөлдір қазақ қызына тән ибалылығы мен инабаттылығын жоғалтпаған.Келбетті арудың спорттағы жолы мен өмірдегі әр қадамын бақылап отырған жандар жетіп артылады. Әрине олардың басым көпшілігі ер адамдар.

Мөлдір Мекенбаева 2016 жылы Әбу-Дабиде өткен джиу-джитсудан өткен әлем чемпионатында бас жүлені иеленіп, әлем чемпион атанды. 2018 жылы қаңтар айында БАӘ-де өткен бразилиялық джиу-джитсудан Грэнд Слэм халықаралық турнирінде алтын медаль алды.

 

Гүлжан Нақыпова

Қазақстандық джиу-джитсу шебері Гүлжан Нақыпованы бүгінде көпшілік әлемдегі ең тартымды спортшылардың бірі деп есептейді.Оның жасы қазір 26 да. Тұрмысқа шыққан. Отбасылы.

2017 жылы Гүлжан джу-джитсудан әлемдік турнирде жеңімпаз атанды. Бұған қоса ол аталған спорт түрі бойынша әлем чемпионатының қол жүлдесін еншілеген. Бүгінде еліміздің ұлттық құрамасының мүшесі.

Оның кескін келбеті мен мінсіз мүсіні әлемдегі көптеген еркектердің көз құртына айналды. Әйтседе Гүлжанның өзі өзінің бұл артықшылығына байыппен салмақты түрде қарайды. Қазіргі кезде Астана қаласының тұрғыны әрі сонда жаттығады.

 

Назым Қызайбай

Әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионы. Бірқатар халықаралық жарыстардың жеңімпазы. Қазақстан чемпионы. Назым Қызайбай 1993 жылы Алматы облысы, Жетіген ауылында дүниеге келген.

Боксқа кездейсоқ келген. Бала кезінде жаттықтырушылардың бірі оны көшеден байқап қалып, бокс үйрімесіне алып келген көрінеді. 16 жасында еліміздегі ересектер арасындағы чемпионатта бас жүлде алады.

Сырт келбеті ер балаларға көбірек келетін боксшы қыздың өнеріне тәнті жандар көп. Назым әлеуметтік желіде өзінің спорттағы және жеке өмірдегі оқиғаларды жиі бөлісіп тұрады.

 

Фируза Шәріпова

Фируза Шәріпова 1995 жылы 29 тамызда Тараз қаласында дүниеге келген.Отбасында 5 баланың екіншісі. Жанұясында Фирузадан басқа ешкім спортпен айналыспайды. Қаладағы №39 орта мектепте білім алған. Қазір Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша тәлім алуда.

Бокспен 11 жасынан бері айналысады. Оның ең сүйікті боксшысы әлемге әйгілі Мұхаммед Әли. Сондай-ақ Мэнни Пакьяоның еңбекқорлығы мен Флойда Мейвезердің қорғанысы және Геннадий Головкиннің шаршы алаңдағы қозғалысын ұнатады. Дегенмен өзі бірде бір атақты боксшыны пір тұтып, табынбайды.

Фируза Шәріпова еліміздегі қыздар арасындағы тұңғыш кәсіби боксшы. Қазақстанның бірнеше дүркін жеңімпазы. Азия чемпионы.Фируза 2015 жылы қазақстандық боксшы Денис Рыбакқа тұрмысқа шықты.

Шәріпованың кескін келбеті мүсіні соңғы жылдары шетелдіктерді қызықтыра бастады. Тіпті былтыр оған танымал сериал «Тақтар таласына» басты рольдердің бірін ойнау ұсынылды. Ал британдық басылымдар «Боратты ұмытыңдар. Өйткен Қазақстанда одан өзге тартымды боксшы арулар бар» деп жазды.

 

Зарина Цолоева

Кәсіби бокспен айналысады. Ақмола облысының Жақсы кентінде дүниеге келген. Волейболмен бірнеше жыл қатарынан айналысып, әлем чемпионы атанған. Ал кәсіби бокспен 16 жасынан бастап айналысқан.

Зарина 2011 және 2014 жылдары әлем чемпионатына қатысты. Көпшілік Заринаның актриса Анджелина Джолиге ұқсатады.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін