Келер жылы темекі бағасы қымбаттайды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.8
  • 480.02
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Келер жылы темекі бағасы қымбаттайды

Келер жылы темекі бағасы қымбаттайды

Келер жылдың қаңтарынан бастап темекі өнімдерінің бағасы қымбаттауы мүмкін. Бұл туралы Қаржы министрлігіне қарасты Мемлекеттік кірістер комитетінің ашық талқыға шығарған бұйырығында жазылған.

  • 15 Желтоқсан 2022
  • 16
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Фильтрлі, фильтрсіз 20 сигаретке, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 650 теңге мөлшерінде ең төменгі бөлшек сауда бағаcы белгіленсін.

Ең төменгі бөлшек сауда бағаларын ұлғайту «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасына сәйкес, логистикалық іркілістердің тәуекелдерін азайту мақсатында ұсынылады», — делінген құжатта.

Айта кетейік, бұған дейінгі тиісті бұйрықта келер жылдың басынан темекі бұйымдарының ең төменгі бағасы 630 теңге болатыны көрсетілген. Енді ұсынылып отырған өзгеріске сай, шекті құн 20 теңгеге қымбаттамақ.


 

Соңғы жаңалықтар