Келер жылы жер телімдері жаппай тексеріледі - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Келер жылы жер телімдері жаппай тексеріледі

Келер жылы жер телімдері жаппай тексеріледі

Келер жылы республика аумағында ауылшаруашылығы мақсатындағы және жеке тұрғын үй құрылысы мен жеке қосалқы шаруашылыққа арналған жер уча

  • 17 Қыркүйек 2016
  • 681
Фото - Caravan.kz

Келер жылы республика аумағында ауылшаруашылығы мақсатындағы және жеке тұрғын үй құрылысы мен жеке қосалқы шаруашылыққа арналған жер учаскелерін тексеру басталады, — деп хабарлайды Qamshy.kz.

Бұл туралы Үкімет жанындағы Жер реформасы жөніндегі комиссия құқықтық жұмыс тобының жетекшісі, Парламент Мәжілісіндегі бірқатар заңнамаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жұмыс топтарының мүшесі Мұхтар Тайжан мәлімдеп, Фейсбук желісінде «Ауылшаруашылығы мақсатындағы және жеке тұрғын үй құрылысы мен жеке қосалқы шаруашылыққа арналған жер учаскелерін тексеру бойынша ұсыныстың» мәтінін жариялады.

Премьер-министрдің тапсырмасымен жүргізілетін тексеріс мерзімі 2017-2018 жылдарға белгіленген. Тексеріс барысында Ауылшаруашылығы мақсатындағы және жеке тұрғын үй құрылысы мен жеке қосалқы шаруашылыққа арналған жер учаскелерінің нақты жағдайы, заң талаптарының сақталуы, ауылшаруашылық жерлерінің сапалық жай-күйі анықталып, жерді тиімді пайдалану жөніндегі шаралар кешені қабылданбақ. Сондай-ақ, тексеріс нәтижесі бойынша халықтың сұранысын қанағаттандыру мақсатында жайылым, шабындық және жеке үй құрылысына арналған арнайы Жер қоры құрылмақ. Тексеру тек ауылшаруашылық, тұрғын үй салу және қосалқы шаруашылық үшін берілген жерлерге ғана емес, мемлекеттік қордағы жерлерге де жүргізіледі. Ол жұмыстар үшін тиісті комиссиялар құрылып, құрамына мүдделі азаматтар енетін болады. Ал, республикалық деңгейдегі комиссия премьер-министр шешімімен құрылып, ережесі бекітілмек. Бірнеше сатыдан тұратын тексерудің әр сатысынан кейін жер учаскелерінің пайдаланылуы, жай-күйі, заңнамалардың сақталуы, тағы басқа мәселелер бойынша талдау жүргізіліп, тиісті ұсыныстар әзірленуі тиіс.

Естеріңізге салсақ, қазір Парламент депутаттары «Жер кодексіне» және жер қатынастарына байланысты бірқатар заңнамаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Жайылым жерлер туралы» жаңа заң жобасы қаралып жатыр.



 

Соңғы жаңалықтар