Келешекте Қазақстанда 6 жасқа дейінгі бүлдіршіндердің бәрі мектепке дейінгі біліммен қамтылады - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Келешекте Қазақстанда 6 жасқа дейінгі бүлдіршіндердің бәрі мектепке дейінгі біліммен қамтылады

Келешекте Қазақстанда 6 жасқа дейінгі бүлдіршіндердің бәрі мектепке дейінгі біліммен қамтылады

Қазіргі таңда Қазақстандағы мектепке дейінгі білім беретін 9 мыңға жуық ұйымда 700 мыңнан астам бала тәрбиеленіп жатыр.

  • 22 Тамыз 2014
  • 428
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Білім және ғылым министрі Аслан Сәренжіпов хабарлады.

«Өткен жылы еліміздегі мектепке дейінгі мекемелер саны 1990-шы жылдардағы рекордтық көрсеткіштен асты. Ол кезде, тәуелсіздік қарсаңында бізде 8800 мекеме болатын. Биыл біз сол межеден астық. Бүгінгі таңда олардың саны 9 мың 148-ге жетті. Мектепке дейінгі тәрбие мекемелерінде 700 мыңнан астам бала білім алып жатыр», — деді ол жұма күні Астанада өтіп жатқан тамыз кеңесінде.

Министрдің айтуынша, өткен жылы мектепке дейінгі ұйымдар желісі 384-ке артқан. Қазір балалардың 73 пайызы мектепке дейінгі біліммен қамтылған.

«Бұл жаман көрсеткіш емес. Қазір Қазақстан балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту көрсеткіші жағынан Австралия, Канада, Финляндия, Польша, Түркия тағы басқа мемлекеттермен теңесті», — деп қорытты А.Сәренжіпов.

Сонымен қатар, мектепке дейінгі білім беретін жеке меншік мекемелер саны 5 есеге артқан.


«Қазір балаларды ерте жастан дамытуға деген сұраныс жоғары. Елімізде ондай балалар саны 600 мыңнан асады. Статистика мамандарының болжамынша, олардың саны алдағы бес жылда арта түспек», — деді ведомство басшысы.

Мемлекет қолға алып жатқан шаралардың арқасында «елімізде 3 пен 6 жас аралығындағы 1 миллионнан астам бала мектепке дейінгі біліммен қамтылуы тиіс» деді ол.