Келесі жылы Астанада 14 жаңа мектеп салынады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Келесі жылы Астанада 14 жаңа мектеп салынады

Келесі жылы Астанада 14 жаңа мектеп салынады

Жаңа мектепті жобалау жаңартылған құрылыс нормалары және ережесі (ҚНжЕ) бойынша жүргізіледі, яғни мектептің құрылысын 1200 емес, 2500-3000 орынға лайықтап салуға мүмкіндік береді.

  • 21 Қазан 2018
  • 6
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы BAQ.KZ хабарлайды.

Бұл туралы Астана әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев Президент Жолдауын түсіндіру бойынша халықпен кездесу барысында айтты.

Астана әкімдігінің ресми сайтының мәліметінше, таяу 5 жылда қалада 37 мектептің құрылысы мен 10 жапсарлас құрылыстың жұмыстары аяқталатын болады. Оның ішінде 4 объекті осы жылы пайдалануға беріледі. «2019 жылдың соңына дейін тағы да 14 объекті беріледі.

«Жаңа мектепті жобалау жаңартылған ҚНжЕ бойынша жүргізіледі, яғни мектептің құрылысын 1200 емес, 2500-3000 орынға лайықтап салуға мүмкіндік береді. Осылайша, біз 5 жыл ішінде астананың құрылғанына 20 жыл толса, соншалықты тұрғыда жаңа оқу орындарымен қамтамасыз ете аламыз», — деді Астана әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев.

Оның айтуынша осындай шаралардың арқасында осы жылы 11-ден 5 мектепке дейін үш ауысымды режимдегі мектептердің саны азайға. Келесі жылы үш ауысымды оқыту мәселесі толығымен алынып тасталады.


Соңғы жаңалықтар