Жарияланды: 260

Келіншек анасының денесін 10 жыл бойы мұздатқышта сақтаған

Келіншек анасының денесін 10 жыл бойы мұздатқышта сақтаған

 

Жапониялық әйел қайтыс болған анасының денесін 10 жыл бойы мұздатқышта ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Star-ке сілтеме жасап. 

Келіншек анасының өлі денесін Токио орталығындағы жалдамалы пәтерден шығып кетпеу үшін жасырып келген.

Келіншектің денесін 48 жастағы қызы Юми Йошино пәтер ақысын төлемей кетіп қалғаннан кейін, тазалық қызметкері тапқан.

Пполиция бөлімінде Юми анасының 10 жыл бұрын қайтыс болғанын айтты. анасының өлігін тауып алған әйел көпшілікке жария етуден қорққан. Егер анасының көз жұмғанын басқалары білетін болса, жалдамалы пәтерден шығарып жібереді деп ойлаған ол.

Сондай-ақ, сол кезде шамамен 60 жаста болған әйелдің қайтыс болу уақыты мен себебін анықтау мүмкін болмады. Полиция Юми Йошиноны 29 қаңтарда тұтқындады. Оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін