Кенесары – қазақ армиясының символы болуы тиіс - Қорғаныс министрлігі - kaz.caravan.kz
  • $ 520.93
  • 609.07
+23 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кенесары – қазақ армиясының символы болуы тиіс - Қорғаныс министрлігі

Кенесары – қазақ армиясының символы болуы тиіс - Қорғаныс министрлігі

Еліміз Кенесары хан, Бауыржан Момышұлының соғыс кезіндегі тактикасын зерттеп жатыр.

  • 14 Ақпан
  • 13
Фото: gov.kz

Қорғаныс министрлігі Кенесары ханның соғыс жүргізу тәсілдерін талдап, зерделеумен айналысып жатыр, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Бұған дейін әскери сарапшылар «Кенесары – қазақ армиясының символы болуы тиіс» деп бас көтерген еді. Министрлік одан бөлек, Сағадат Нұрмахамбетов пен Бауыржан Момышұлының ерлігін, ерекше қабілетін үлгі ретінде қарауға көшкен. 

Бұл туралы Мәжілістегі кулуарда Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев мәлімдеді.

“Мен Кенесары ханның өмірі мен әскери тактикасымен жақсы таныспын. Қазіргі таңда оның соғыс жүргізу әдістерін зерттеудеміз. Алайда әр сарапшының бұл мәселе бойынша өз көзқарасы бар. Кенесары қазақ армиясының символына айнала ма, жоқ па – оны уақыт көрсетеді. Сонымен қатар Сағадат Нұрмахамбетов пен Бауыржан Момышұлының әскери стратегиясын да зерттеп жатырмыз,” – деді Жазықбаев.

Былтырдан бері 139 әскери қызметші мен 26 әскери техникадан тұратын ұлттық контингент Голан биіктігіндегі бітімгершілік миссияға жіберілген. Оның мақсаты – Израиль мен Сирия арасындағы татулықты қолдау. БҰҰ бұл үшін жылына шамамен 5 млн АҚШ долларын төлейді. Оның 2,4 млны – жеке құрам үшін, қалғаны – техниканы, қару-жарақ пен мүлікті жалға алғаны үшін беріледі. 

«Келісім БҰҰ-дан түсетін төлемді екі банктік шотқа бөлуді көздейді. Осылайша, персонал үшін ақшаны әскери қызметшілер алады, ал мүлік үшін ақша мемлекеттік бюджетке түседі. Қаралып жатқан халықаралық шарттар халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуді көздейді», — Шайх-Хасан Жазықбаев