Кеосаянға өлім тілемедім - Қыдырәлі Болманов Тигран Кеосаянды "атып кеткені" жайлы мәліметті бөлісті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кеосаянға өлім тілемедім - Қыдырәлі Болманов Тигран Кеосаянды "атып кеткені" жайлы мәліметті бөлісті

Кеосаянға өлім тілемедім - Қыдырәлі Болманов Тигран Кеосаянды "атып кеткені" жайлы мәліметті бөлісті

Әлеуметтік желіде Кеосаянды атып кеткені туралы видео тарады. Оны белгілі әнші Қыдырәлі Болманов та бөлісті.

  • 19 Шiлде 2022
  • 10114
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.  

Ол Кеосаянға өлім тілемегенін айтып, қасынан өтсе де бей-жай кетпейтінін тілге тиек етті. 

"Басқа бәле — тілден! Ең бастысы аман екен…Мемлекетіңе, Ұлтыңа, Ата-Бабаңа, әсіресе анаңа тіл тигізсе,-алдыңда арыстан тұрса да,алқымына
жабысып,қалайда кеңірдегін жұлып аласың! Өйткені Отансүйгіш, Анасын құрметтеуші адамға,намыс арқылы рух деген теңдессіз күш
бітеді ! Кесоян дегенге өлім тілемедім! Бірақ оны көрсем, қасынан жай өте салмасым анық!
Осы хабарлама өтірік пе, рас па білеймін.Рас болса,өлтіру үшін емес, қорқыту үшін жасаған екен…
Кесоян сияқты қорқақ, арсыз, ұятсыздар тек қорыққанын "сыйлайды !”
Тарихымызға тиісіп, оны көпе-көрнеу бұрмалау, көзіңе қарап тұрып, әкеңнен балағаттаған сияқты!
Жай ғана тыңдап,қарап тұру-мүмкін емес! Ет пен сүйектен, Намыс пен ардан жаратылған пендеміз!
Сөз сүйектен өтеді! Егер осы хабар рас болса, басқа да сайрағысы келетін “сандуғаштарға” сабақ болды!
Кім де болсаң, Азамат екенсің бауырым! Қайырлы кеш, Қазақ Елі!", деп жазды желідегі парақшасында.  

Айта кетейік, "Тигран Кеосаянды атып кетті деген" ешқандай ресми  мәлімет жоқ. Мұны әлдекімдер ойдан шығарған болуы мұмкін. Тек оны танымал әншінің бөліскені көпшілікті таң қалдырды.

 "Қазаққа ұрынғанның Алла жазасын берер. Қазағым киелі,  текті ұлт, өзінің есесін ешкімге жібермейді", "Арандату шығар. Өздері атып, қазақтардан көріп", деп жазды оқырмандар. 

 

 

Соңғы жаңалықтар