Жарияланды: 550

Керамика, кафельден жасалатын бейнелердің сыры ашылды

Еліміздің жас суретшілері шетелдік қылқалам шеберлерінің өнеріне қанықты. 50-ге жуық оқушы алдында өз шеберліктерімен бөліскен майталман мамандар керамика, кафельден жасалатын бейнелердің сырын ашты. Айта кетейік,  игі іс Алматы облысы әкімдігінің  қолдауымен  өтті.

Шеберлік сабағында оқушылар назарына тарихтан тамыр тартар туындылар ұсынылды. Оқушылар, әсіресе, шетелдіктердің шебер қолынан шыққан қазақтың жайлауына, киіз үйіне, тау суреттеріне таңдай қақты. Жас суретшілер қонақтар әкелген дүниелерден алған әсерін қағазға түсіруге тиіс. Сәулетші болуды армандайтын Айдос та бұл сайыста бағын сынамақшы. Таразда тұратын оқушының ата-анасы өнерге бір табан жақын жандар екен. Айдос та сайыста жеңіп шығатынына сенімді. Қатысушылар еңбегін сурет академиясындағылар бағалап, 30 маусымда байқау қорытындысын жарияламақ.

Айдос Қаппаров,  байқауға қатысушы:

- Бұл сайыста  пленэрлі жұмыстарды да салдық, чеканкаларға, темірлерге ою жасап, қабырғаға керамикадан суреттер жасадық.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін