Керри қарашаның бірінде мемлекеттік сапармен Қазақстанға келеді
![]() |
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керри Орталық Азияға сапары барысында қарашаның 1-і мен 3-і аралығында Қазақстанға атбасын тіремек. |
Бұл туралы бейсенбі күні Қазақстандағы АҚШ елшілігі хабарлады.
Сапар барысында Д.Керри президент Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесіп, Қазақстанның бірқатар лауазымды тұлғаларымен екіжақты келіссөздер жүргізеді.
Сонымен қатар, Мемлекеттік хатшы «АҚШ-Қазақстан» стратегиялық әріптестік диалогына қатысып, Назарбаев университетінде Орталық Азия республикаларының ғаламдық проблемаларды шешудегі рөлі тақырыбында баяндама жасайды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін