Жарияланды: 1100

"Кеше ғана сәләфиттердің арасында жүрдім деген адам, қалай депутат болмақшы?"

"Кеше ғана сәләфиттердің арасында жүрдім деген адам, қалай депутат болмақшы?" Сурет - Altyn-orda.kz

Белгілі қоғам белсендісі, заңгер Айгүл Орынбек Мұхамеджан Тазабектің депутат болғалы жатқанын меңзеді.

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Ақидасын депутаттық мандат үшін ауыстырған ба? Тоқтар аға, сіздің сексолог һәм тәлімолог досыңыз депутаттыққа үміткер дейді ме?

Кеше ғана өзін адастым, сәләфиттердің арасында жүрдім деген адам, қалай депутат болмақшы? ҰҚК қалайша бұған жол беруге болады?

Алматыда Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті деген орган бар ма? Тазабек пен профилактикалық жұмыс жүргізілді ме?

Діни көзқарасы бойынша анықтамамен қайдан танысуға болады? Елдің алдында тәлім беріп жүрген адамның анықтамасы ел алдына шығарылу керек деп ойлаймын!

Тоқтар аға осы бойынша біліп беріңізші, өтініш", - деп жазды Айгүл Орынбек.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын Мұхамеджан Тазабек "Асыл арна" телеарнасының жабылатынын әрі өзінің бұрын басқа дінде, яғни сектада болғанын хабарлаған болатын.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін