Кешікпей Алматы қалалық мәслихаты депутаттарының бір бөлігі өкілеттіліктен бас тартып, мәжіліс сайлауына қатысады - kaz.caravan.kz
  • $ 516.01
  • 582.47
+24 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кешікпей Алматы қалалық мәслихаты депутаттарының бір бөлігі өкілеттіліктен бас тартып, мәжіліс сайлауына қатысады

Кешікпей Алматы қалалық мәслихаты депутаттарының бір бөлігі өкілеттіліктен бас тартып, мәжіліс сайлауына қатысады

Кешікпей Алматы қалалық мәслихаты депутаттарының бір бөлігі өкілеттіліктен бас тартады. Бүгін, 1-шілдеде "Асар" республикалық партиясы төрайымының орынбасары Сергей Киселев партияның Алматы қалалық филиалының бас қосуында сөйлеген сөзінде осындай пікір білдірді.

  • 1 Шiлде 2004
  • 347
Фото - Caravan.kz

Депутаттардың өкілеттіліктен бас тарту себебін С.Киселев олардың арасындағы келешегінен үміт күттірген азулы саясаткерлердің ҚР парламенті мәжілісінің сайлауына қатысу ниетімен байланыстырады. Осындай депутаттардың аты-жөнін атамаған ол : » бұл Алматы қалалық мәслихатына жалпылама тән жағдай»,- деп атап көрсетті.

Осыған байланысты С.Киселев болашақта «Асар» партиясының фракциясы мүшелерінің санын арттыру үшін партия мүшелерін мәслихат сайлауына дайындық жұмыстарына қызу кірісуге шақырды.
Қазір Алматы қалалық мәслихатына 37 депутат сайланған.