"Кеткенің бе жаным...": Ләйлә Сұлтанқызының марқұм күйеуі Беркінбаевтің бірінші әйелі жазба жариялады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Кеткенің бе жаным...": Ләйлә Сұлтанқызының марқұм күйеуі Беркінбаевтің бірінші әйелі жазба жариялады

"Кеткенің бе жаным...": Ләйлә Сұлтанқызының марқұм күйеуі Беркінбаевтің бірінші әйелі жазба жариялады

Ләйлә Сұлтанқызының марқұм күйеуі Қайрат Беркінбаевтің бірінші әйелі Меруерт Беркінбаева жарының қазасына байланысты қайғырып жазба жариялады. 

  • 7 Қараша 2022
  • 12938
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.

Қиналып арқа сүйерім,
Жердегі мықты тірегім.
Кеткенің бе жаным
Сенсіз қалай жүремін?
Асылдардың бірі едің,
Көзімнің аппақ нұры едің.
Iздемей сені асылым,
Шыдар ма екен жүрегім ?

Сене алар емеспiн…
Мәңгілік жүрегімдесін , деп жазды  Меруерт Беркінбаева желідегі парақшасында. 

Еске салсақ, белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызының жұбайы 57 жасында өмірден өтті. Қайрат Шерәліұлы елімізде курорт ісінің дамуына зор үлес қосқан маман ретінде танымал. Қазақстанның ірі сауықтыру мекемелерінде басшылық етіп, өзін дарынды ұйымдастырушы ретінде танытты.

 
Қайрат Беркінбаев пен Меруерт Беркінбаева жуырда ғана қыздарын ұзатқан көрінеді.
 
Соңғы жаңалықтар