Жарияланды: 1300

"Кез келген есікті ашсам Берік асылып тұратындай қорқатынмын": Берік Тұрсынбековтың әйелі құпия сырды айтты

"Кез келген есікті ашсам Берік асылып тұратындай қорқатынмын": Берік Тұрсынбековтың әйелі құпия сырды айтты

Шымкент шоу театрының актрисасы Қарлығаш Ахметова отбасылық сырын айтты.

Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.

Ол өзінің "Ең алғашқы" бағдарламасында берген сұхбатында көзіне еріксіз жас алды.

Берік Тұрсынбеков бір кездері түсініксіз күйзеліске түсіп, өзіне қол жұмсамақшы да болған.

"Берік 33 жасында белгісіз, түсініксіз күйзеліске түсті. Ол кездерге оралғым келмейді. Есіме түссе әлі күнге дейін қолым дірілдейді. Сол күйзелістің себебін білмедім, сол бойы жұмбақ болып қалды. Қиын болды ғой. Сонша қиналғанын отбасымыз білген жоқ. Әріптестерімізде кейіннен білді. Мен сол кезде бар ойым Берікті сол тұңғиықтан шығару болды. Одан кейін мен өзімді жоғалтып алдым. Біраз уақытқа дейін өзіме келе алмадым. Тіпті кез-келген есікті ашуға қорқатынмын. Шифонердің есігін ашсам Берік асылып тұратындай елестейтін." - деп Қарлығаш ханым көзіне жас алды.

Желідегі қолдаушылары Берік Тұрсынбековпен Қарлығаш Ахметова жарқын күндер алда екендігін айтып, қиындыққа мойымай дес беріп жеңіп шыққандары үшін, алғыс айтып қолдады..Өнерде де, өмірде де жұптары жазылмай бақытты болуын тіледі.

Видеоны көріңіз...

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін