Кезінде қазақша сөйлемеген стюардессамен керісіп қалған Жарылқап Қалыбай АҚШ-та тілге қатысты қысым жоқ деп тамсанып отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кезінде қазақша сөйлемеген стюардессамен керісіп қалған Жарылқап Қалыбай АҚШ-та тілге қатысты қысым жоқ деп тамсанып отыр

Кезінде қазақша сөйлемеген стюардессамен керісіп қалған Жарылқап Қалыбай АҚШ-та тілге қатысты қысым жоқ деп тамсанып отыр

"АҢЫЗ АДАМ" және "Жұлдыздар отбасы" журналдарының қожайыны, белгілі журналист Жарылқап Қалыбай өткен жылдың қыркүйек айында ағылшын тілін үйрену үшін АҚШ-қа кетіпті. Ол Америкада әлі де оқып жүр. 

  • 16 Мамыр 2017
  • 4563
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Жарылқап Қалыбай Esquire Kazakhstan журналына берген сұхбатында айтқан. Оның осы АҚШ-та жүріп көзқарасы көп өзгергенге ұқсайды.

"Дамыған елде ұлтқа, дінге бөліну деген жоқ. Ал біз әлі біреудің жүзіне, руына қараймыз. АҚШ-та тіпті мемлекеттік тіл деген түсінік те жоқ. Майямиде тұратындардың көпшілігі испан тілділер. Флорида штатының губернаторы да испан тілді. Ол ағылшынша тілін бұрап қана сөйлейді. Бұл үшін оны ешкім кінәламайды. "Неге ағылшынша сөйлемейсің?" демейді… Американы жан-тәніммен жақсы көріп кеттім! Бұл ел — еркіндік сүйетін, креативті адамдардың бәрінің екінші отаны. Енді менде де Қазақстаннан бөлек Америка Құрама Штаттары бар" дейді журналист.

Естеріңізге салсақ, Жарылқап Қалыбай 2013 жылдың тамызында ұшақта келе жатып стюардессамен керісіп қалған еді. Өзінің айтуынша, бұған борт қызметкерінің қазақ тілінде жауап бермегені себеп. Артынан журналист осы әрекеті үшін әкімшілік жазаға тартылды.


Соңғы жаңалықтар