Хабиб қарсыласы МакГрегорды жеңіп кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Хабиб қарсыласы МакГрегорды жеңіп кетті

Хабиб қарсыласы МакГрегорды жеңіп кетті

Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов Лас-Вегаста өткен UFC 229 турнир жекпе-жегінде ирландық Конор МакГрегорды жеңді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz

  • 7 Қазан 2018
  • 108
Фото - Caravan.kz

Чемпиондық жекпе-жекте ресейлік спортшы қарсыласын төртінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңіп, өз атағын қорғап қалды. Дегенмен кездесу соңынан қызуқандылыққа салынғаны үшін чемпиондық белбеуді табыстау рәсімі өткен жоқ. Алайда, жекпе-жек соңынан Хабиб ирландиялық спортшының командасына қарсы шығып, жаппай төбелеске ұласты.

ММА-да өнер көрсеткеннен бері 30 жастағы Нурмагомедов 27 рет жеңіп (олардың 17-сі мерзімінен бұрын), күресу алаңында ешқашан жеңіліп көрмеген. Бүгінгі жекпе-жегі үшін ресейлік боксшы екі миллион доллар алса, МакГрегор 1 миллионға көбірек алған екен. Бұл ақшадан бөлек қосымша МакГрегор мен Нурмагомедов ақылы теледидар қызметтерінде көрсетілгендері үшін түскен сомадан пайыз алады. 

Хабиб Нурмагомедов кәсіпқой мансабында 26 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Ал Конор МакГрегор 2016 жылдан бері UFC жарыстарына қатысқан жоқ. Оған дейін 21 рет жеңіске жетіп, 3 мәрте ұтылған.


 

Соңғы жаңалықтар