"Хадисте «музыка харам» деп нақты айтылған": Әнші Бауыржан Исаев өнерден бас тартқан ба? - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Хадисте «музыка харам» деп нақты айтылған": Әнші Бауыржан Исаев өнерден бас тартқан ба?

"Хадисте «музыка харам» деп нақты айтылған": Әнші Бауыржан Исаев өнерден бас тартқан ба?

Бұл күнде әр нәрсеге күдікпен қарайтын болдық қой. Ғылым мен өркениет өскен сайын ғаламда ақпараттардың да санында шек болмай барады. Шексіз ақпараттардың әсері ме екен, көз көріп, құлақ естіп үйренген іс-әрекеттерді дұрыс емес, пәленше кезінде былай депті деген білгіштер қаптап кетті.

  • 28 Сәуiр 2020
  • 206
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz порталы  oinet.kz-ға сілтеме жасап хабарлады. 

Тіпті, салт-дәстүрімізді ислам дініне қайшы келтірген теріс пікірлер де жиі айтылып жүр. Екінің бірі қонақ бола алатын өрмекшінің торындай болған әлеуметтік желілерде соңғы кездері «музыка тыңдауға, ән салуға болмайды екен, дінімізде бұған тыйым салынған» деген секілді пікірлердің құлағы қылтия бастады.

«…Әннің де естісі бар, есері бар, тыңдаушының құлағын кесері бар» деп кемеңгер Абай айтпақшы, әннің де, әуеннің де жағымды-жағымсызы болмай ма? Егер музыка адамның жақсы сезімдерін жетілдіріп, рухын сергітіп, шаршаған жүйкелерін тынықтырып, көңілін тыншытатын болса, ондай музыканы харам деуге бола ма?

Ата-бабаларымыздан қалған, қазіргі айтылып жүрген ән-жырларды тыңдау, шырқау шынымен де харам болып санала ма, әлде, бұл адасушылықтан, қателіктен туған пікір ме? Бұл мәселеге өзгелер нендей ой қосар екен?

Бауыржан ИСАЕВ, әнші:

«Өзіміз де өнер жолында жүрген соң осы сұраққа мен де үңіліп көргенмін. Қазақ халқының тарихында ән-жырлар ерте кезден-ақ дамыған. Күміс көмей әншілеріміз, домбыраның құлағында ойнаған атақты күйшілеріміз болған. Біз де осы ата-бабамыздың жолымен келе жатқан ұрпақпыз. Бірақ, негізі хадисте музыкаға қатысты харам деген секілді пікірлер айтылған. Зерттеуші ғалымдардың бір бөлігі бұл пікірге келіссе, енді бірі келіспейді. Алайда, менің білуімше, хадисте «музыка харам» деп нақты айтылған».

 

Соңғы жаңалықтар