Хакерлар Тайванда банкоматтардан 2,2 млн доллар жымқырды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Хакерлар Тайванда банкоматтардан 2,2 млн доллар жымқырды

Хакерлар Тайванда банкоматтардан 2,2 млн доллар жымқырды

Харкерлар шабуылынан кейін кемінде үш тайвандық банк банкоматтар арқылы ақша беруді тоқтатты. Reuters агенттігінің хабарлауынша, банкоматтардан 70 млн жаңа тайвандық доллар (шамамен $2,2 млн) қолды болған.

  • 13 Шiлде 2016
  • 333
Фото - Caravan.kz

First Bank банкоматтарынан екі күдікті қомақты ақша шешіп алған, видеода олардың банк картасын салмағаны анық көрінген. 
Қылмыскерлердің Wincor Nixdorf шығарған банкоматтарға қолжетімділігі болған. Қазір қаржы мекемесінде осындай үш жүзге жуық банкомат бар, оның 34-ін хакерлер бұзып алған. Сарапшылар белгісіз күдіктілер қауіпті бағдарлама көмегімен банкоматтың басқару тетігіне қол жеткізген деп санайды.

Wincor Nixdorf шығарған банкоматтар елде көп таралған, олар ірі супермаркеттер мен сауда орталықтарының 80 пайызына орнатылған.