Хакерлер АҚШ Сенатының сайтын бұзды
Өздерін Lulz Security деп атаған хакерлер тобы АҚШ Сенаты вебпорталының ішкі желісіне бұзып кіре алғандарын мәлім етті. |
Бұл туралы хакерлер өз сайттарында жариялады, деп хабарлайды РБК агенттігі.
«Сәлем, достар! Біз АҚШ Үкіметін аса жақсы көре қоймаймыз. Олардың кемелері әлсіз, әзілдері онша емес, ал сайттары сенімсіз», - делінген әлгі топтың мәлімдемесінде. Және олар американ сенатының сайтынан ұрланған файлдардың тізімін қоса жариялаған.
Сарапшылардың пікірінше, кибербұзақылар шын мәнінде Senate.gov сайтын бұзған сияқты.
Ал американ өкіметінің ресми өкілдері бұл факті бойынша тексеру жүргізілетінін мәлім етіп отыр. Айта кету керек, бұл Lulz Security тобының бірінші акциясы емес. Бұған дейін олар, WikiLeaks туралы өздеріне ұнамаған фильмге наразылық ретінде, сол фильмді көрсеткен Public Broadcasting Service (PBS) телекомпаниясының сайтын бұзған еді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін