Жарияланды: 1400

"Халал да емес, адал да емес, қазақы деуіміз керек". Белгілі актер арақ-шарапсыз дастархан туралы

"Халал да емес, адал да емес, қазақы деуіміз керек". Белгілі актер арақ-шарапсыз дастархан туралы

«Халал» арабтың сөзі, «адал» деуіміз керек деп жатамыз. Ал «Өнер қырандары» театрының жетекшісі Мадияр Серікбаев бұл атаудың басқаша, ұлтымызға етене жақын нұсқасын ұсыныпты.

Актер «Тікелей эфир. Ләйлә Сұлтанқызымен» ток-шоуында арақ-шарапсыз дастарханды «қазақы» деп атау керектігін айтты, деп хабарлайды Caravan.kz.

"Өнер қырандарының" жетекшісі елдегі екі үлкен мәселе туралы пікірін айтты

«Бір тойда баласы тұрып әкесіне айтты: «Әке, сіз өтірікші екенсіз» деп. Әкесі абдырап қалды. Елдің бәрі қарады. Сонда әкесі баласына «О не дегенің?» дегенде, «Сіз маған ес білгелі ақ-қараны ажыраттыңыз. Мынау жақсы, мынау жаман дедіңіз. «Соның ішінде ең жаманы арақ, осыған жолама, жоласаң мойныңды жұламын» деп дастарханға қойдыртпадыңыз. Бір тамшысын да ішкізбедіңіз. Бірақ мен үйленіп той жасағанда, ең жақын туыстардың бәрін шақырдыңыз да, осы арақты қойдыңыз. «Ішпесеңдер ренжимін» деп тұрып, артынан қуып жүріп ішкіздіңіз. Сонда сіз маған осы уақытқа дейін өтірік айтып келдіңіз бе? Сіз өтірікшісіз бе, әке?» деді. Халал дегенді біз қазақы деуіміз керек. Біреу халал, біреу адал деп жатады, жоқ, бұл қазақы той. Өйткені бабаларымыз дастарханға отырса, «Асқа адалдық, денге саулық, басқа байлық» деп бастайды екен» деді Мадияр Серікбаев. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть