Жарияланды: 140

"Халтурщиктер мен фанерщиктер" мәдениет пен өнерді арзандатуға "зор үлес" қосты": Әншілер тағы да сынға қалды

"Халтурщиктер мен фанерщиктер" мәдениет пен өнерді арзандатуға "зор үлес" қосты": Әншілер тағы да сынға қалды

Еліміздің эстрада әншілері тағы да сынға қалды.

Бұл туралы Еділ Анықбай әлеуметтік желіге жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.  

"Бүгінде мәдениет пен өнер әлемі ала-құла болып тұр. Бұл саланың белді мүшелерінің бірі - эстрада әншілеріне тағылған мін, айтылған сынды естіп, біліп отырсыздар... Олардың орынды-орынсыз насихатталғаны сонша, ел- халық мәдениет пен өнер солардан ғана тұрады екен деп ойлап қалғаны рас. Оның үстіне олардың ішіндегі түкке тұрғысыздары келсін-келмесін телевизияға шығып алып: мына, біз өнер адамдары деп қойып, болмай қалған, татымы жоқ әңгімемен көпті шатастырды. Бәріне күйе жақпаймыз, әрине... Дегенмен "халтурщиктер мен фанерщиктер" мәдениет пен өнерді арзандатуға "зор үлес" қосты...

Уақыт-таразы. Ел кімнің кім екенін біле бастады. Анығында өмір ағысы, заман тынысы өзі-ақ айқындайды екен...
Көз көріп, құлақ естіп жүрген соң, айтқаным ғой. Ал жалпы, қазақтың өнерін өрге сүйреп жүрген майталмандар бар, Құдайға шүкір. Сый-құрметке лайық жыршы, жырау, әнші, музыкант, актер, суретші, биші, композитор, т.б. өнерпаздар жетеді, бізде. Бүгін мәдениет пен өнер күні екен. Нағыз өнер майталмандарын құттықтаймын! Өнер өрге жүзсін!- деп жазды ол.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін