Халық әділдікке зәру. Несиеге белшеден батты – Тоқаев - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Халық әділдікке зәру. Несиеге белшеден батты – Тоқаев

Халық әділдікке зәру. Несиеге белшеден батты – Тоқаев

Еліміздің азаматтары барлық жерде әділдік орнағанын қалайды. Одан кейінгі басты мәселе – халық табысының көлемінің азаюы.

  • 12 Маусым 2019
  • 49
Фото - Caravan.kz

Миллионнан астам азамат банктерден несие алуға мәжбүр болды, деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан ұлықтау рәсімінде, деп хабарлайды Zakon.kz.

Күзден бастап жемқорлық азаяды

– Жемқорлық – мемлекет дамуын тежейтін кесел. 1-ші қыркүйекке дейін жемқорлық деңгейін мейлінше азайтатын реформалар топтамасы әзірленеді, – деді Президент.

Билік халықпен санасады


– Билік азаматтардың талаптарын тыңдауы керек, уәде бермей, іске кірісу керек. Осы ережені үкіметтің барлық мүшелері мен әкімдер сақтауы тиіс. Ортақ сандар мен көрсеткіштер емес, елдің барлық азаматтарының шынайы әл-ауқаты маңызды болады. Шешімдер қабылданғанда халықтың ой-пікірі есепке алынатын болады, – деді ол.