"Халық банкі" қайтыс болған клиенттің 7 жасар қызына түсірілген шағым жайлы ақпаратқа түсініктеме берді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Халық банкі" қайтыс болған клиенттің 7 жасар қызына түсірілген шағым жайлы ақпаратқа түсініктеме берді

"Халық банкі" қайтыс болған клиенттің 7 жасар қызына түсірілген шағым жайлы ақпаратқа түсініктеме берді

Алматы. 30 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - "Халық банкі" қайтыс болған клиенттің 7 жасар қызына түсірілген шағым жайлы ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Халық банкінің" баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 30 Мамыр 2008
  • 514
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан Республикасының заңына және банктен қарыз алу келісіміне сәйкес қарыз алушы қайтыс болған жағдайда оның банкпен жасалған келісім-шарты бойынша құқықтары мен міндеттемелері оның мұрагеріне өтеді», — деп көрсетілген хабарламада. «Осыған байланысты «Халық банкі» қайтыс болған қарыз алушының заңды мұрагерінің міндеттемелерін орындауы мәселесі бойынша сотқа арыз берілгенін баяндаймыз. Бұл жағдайда, қайтыс болған қарыз алушының заңды мұрагері 7 жастағы қыздың заңды қамқоршысы болған қарыз алуышының туған әпкесі болып табылады», — деп атап көрсетті банк.

Оның үстіне, баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, қарыз алушы қайтыс болғаннан кейін банк жедел түрде оның қарызының айыппұлдары мен сыйақы есептемелерінің күшін жойған.

Бұдан бұрын Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлағанымыздай, Арқалық қаласының соты 7 жастағы қызға анасы алған 500 мың теңге көлеміндегі қарызды банкке төлеуге міндеттеген болатын.

«Қыздың анасы Халық банкінен жарты миллион теңге несие алған. Бірнеше айдың көлемінде қарызын жақсы жауып тұрған. Алайда кенеттен қайтыс болған. Банк 7 жастағы қызына мұрагерлік жолымен анасы алған қарызды төлеу талабымен Арқалық қалалық сотына шағымданған», — деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

«Арқалық қалалық сотының шешімімен қыз осы соманы кәмелеттік жасқа толғаннан кейін төлеуі тиіс», — деп атап көрсетті облыстық соттың баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті