Жарияланды: 330

"Халық банкінің" басшысы: Теңгенің тұрақсыздығы қолдан жасалып отыр

"Халық банкінің" басшысы: Теңгенің тұрақсыздығы қолдан жасалып отыр

Теңгенің долларға қатысты бағамының тұрақсыз болуы қолдан жасалып отыр. Бұл туралы "Халық банкі" АҚ-ның басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Соңғы екі күнде болған жайттар қолдан жасалып отыр. Бұл эмоцияға негізделген. Оның үстіне, мен клиенттердің пікірлері мен әлеуметтік желіде доллардың 400 теңгеге дейін баратыны туралы жазғанын оқып жүрмін. Сіздер білесіздер Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне негіз жоғын мәлімдеген болатын. Ол мұнай баррелінің құнына, рубль мен доллар бағамына байланысты. Меніңше, спекуляция орын алды. Жағдай тұрақталады. Бүгінгі саудадан теңгенің нығайып келе жатқанын көріп отырмыз", - дейді Шаяхметова журналистерге банк пен "Қазпошта" АҚ арасындағы келісімге қол қою кезінде. 

Сонымен қатар, ол белгіленген теңге бағамына қайтудың себебі жоғын айтты. 

"Еркін курсқа өту қиын болды, Ұлттық банк жаңа қаржы-кредиттік саясат ұстанды. Кәсіби нарық қатысушылары бейімделіп үлгердік. Енді теңгені белгілі бағамда ұстау - бұл мемлекет үшін тым қымбатқа түседі", - дейді ол. 
 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть