Халық коммунисі Косарев туристерге бола Қазақстанның атауын өзгертудің қажеті жоқ дейді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Халық коммунисі Косарев туристерге бола Қазақстанның атауын өзгертудің қажеті жоқ дейді

Халық коммунисі Косарев туристерге бола Қазақстанның атауын өзгертудің қажеті жоқ дейді

«Халық коммунистері» депутаттық фракция басщысы, мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Владислав Косарев Қазақстанды Қазақ елі деп атаудың қажеті шамалы екенін айтады.

  • 7 Ақпан 2014
  • 502
Фото - Caravan.kz

«Мен бұл соншалықты қажет деп ойламаймын. Егер Қазақстанның Ауғанстан, Пәкістан сияқты «стан» деп аяқталуына бола туристер бізге келмесе, осыған бола елдің атауын өзгертіп керек емес», деп депутат бүгін «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне мәлімдеді.

Депутат осы мәселе бойынша референдум өткізу қажет деп есептейді.

Референдум өткізуді депутаттардың ұсынғаны міндетті емес, мұны бастамашы топ та жасай алады, дейді депутат. Бейсенбі күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Атырау облысының жұртшылығымен кездесу кезінде Қазақстанды Қазақ елі деп атау мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.