Халық жазушысы Қалихан Ысқақ дүние салды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Халық жазушысы Қалихан Ысқақ дүние салды

Халық жазушысы Қалихан Ысқақ дүние салды

Қазақ әдебиеті тағы бір қаламгерінен айырылды. Бүгін Қазақстанның халық жазушысы Қалихан Ысқақ 80 жасқа қараған шағында көз жұмды. Қазақ прозасының қара нары қайталанбас туындылар қалдырған.

  • 12 Тамыз 2014
  • 390
Фото - Caravan.kz


Жазушы өз шығармаларында шебер суреткерлікке, адамдар тағдырын дөп басатын мінез құбылыстарына ерекше мән берген.

Алғашқы әңгімелері «Жол басы» жинағында жарияланды. Оқырман қауымға атын шығарған тұңғыш туындысы «Қоңыр күз еді» повесі. Шығарма өзінің балалық шағындағы өмірін өксігімен және өз махаббатымен тұтас күйінде бұзбай-жармай қағаз бетіне түсіре салғандай әсерге бөлейді. Қаламгер көптеген тамаша туындылар жазды. Солардың ішіндегі «Ақсу – жер жаннаты» романы үшін тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш мемлекеттік сыйлығын алды.