Халықаралық ғарыш стансасына бұл жолы ұлулар ұшатын болды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Халықаралық ғарыш стансасына бұл жолы ұлулар ұшатын болды

Халықаралық ғарыш стансасына бұл жолы ұлулар ұшатын болды

Байқоңыр ғарыш айлағында халықаралық ғарыш стансасының бағдарламасын іске асыру бағытында қызу жұмыстар жүруде, деп хабарлады Байқоңырдағы тілшіміз Сара Нүрғалиева Роскосмостың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 25 Маусым 2014
  • 602
Фото - Caravan.kz


254-монтаж-сынақ алаңында «Прогресс М-24М» және «Прогресс М25М» жүк тасушы зымырандары ұшырылымға дайындалып жатыр.

Халықаралық ғарыш стансасын кезекті ұшыру 24 шілдеге жоспарланған. «Гагарин» ұшырылу кешенінен зымыран тасығыш «Союз-У» ғарыш жүк тасығышы «Прогресс М-24М» бірге көкке көтерілмек.

«Прогресс М-24М» жүк тасығыш зымыраны халықаралық ғарыш стансасына 2,5 тоннадай жүк апарады. Оның ішінде оттегі, жағармай, ғылыми тәжірибелік жұмыстарға қондырғылар, сондай-ақ медициналық қажетті заттар мен азық-түлік, су және экипажға жақындарынан жіберілген сауқат бар.

Бір қызығы, бұл сапарда ғарышкерлерді даярлайтын Ю.А. Гагарин атындағы орталықтан халықаралық ғарыш стансасына ұлулар жеткізіледі. Ғалымдар бұл сынақтардың ғарышкерлердің ғарышта ұзақ уақыт жүруін қамтамасыз ету мақсатында жасалып отырғандығын айтады.

Байқоңыр ғарыш айлағында қос жүк тасығыш кемеден басқа «Союз ТМА-14М» зымыраны ұшырылуға дайындық үстінде. Оның ұшырылымы 25 қыркүйекке жоспарланып қойылған.