Халықаралық сарапшы Қазақстанның 2050 жылға дейінгі стратегиясын жоғары бағалады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+5 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Халықаралық сарапшы Қазақстанның 2050 жылға дейінгі стратегиясын жоғары бағалады

Халықаралық сарапшы Қазақстанның 2050 жылға дейінгі стратегиясын жоғары бағалады

JP Morgan Chase International басқарма төрағасы, Халықаралық отыздық тобының төрағасы Джейкоб Френкель "Астана клубының" бесінші отырысында Қазақстанның Еуразиядағы даму потенциалы туралы айтты.

  • 12 Қараша 2019
  • 9
Фото - Caravan.kz

Қазақстан Еуропа мен Азияға деген дәліз секілді және экономикалық өсімді дамыту үшін осы аймақта іс-шаралар жүргізіп жатыр. Ұлы жібек жолының қақ ортасында орналасқан Қазақстан үшін инфрақұрылым өте маңызды. Бұл Қытай мен батыс нарығын жалғастырып қана қоймай, мыңдаған арақашықтықта жатқан мемлекеттер мен қалаларды бір-бірімен байланыстыруға мүмкіндік береді, — деді Френкель.

Ол Қазақстанның инвестицияларды тартуда үлкен мүмкіндікке ие екенін айтты. 

Тікелей инвестциялар әлем бойынша төмендеп келеді. Қазақстан осындай жағдайда елге инвестициялар тартуда үлкен мүмкіндікке ие. Астана халықаралық қаржы орталығы инвесторларды тартуда көптеген іс-шаралар атқарып жатыр. Бұл аймақ инвестициялық климатын жақсартуға байланысты өзінің әлеуетін көрсететін болады. Адами ресурстарды дамыту тиімді түрде Қазақстанның экономикасын дамытуға мүмкіндік береді. Қазақстанның экономикасын әртараптандыру, табиғи қазба байлықтарын жаһандық тізбекке ендіру, әрі қарай өндіру де маңызды болып отыр. Қазақстан бүгінде Еуразияның дәл ортасында орналасқан басқа нарықтармен байланысы жоғары мемлекет, — деді ол. 

Ол Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіз көп векторлы саясаттың іргетасын қалағанын айта кетті. 


Бұл саясат жер шарындағы елдердегі қарым-қатынастарды дамытуға мүмкіндік берді. ҚР тұңғыш президентінің жуырдағы бастамалары Еуропа Одағы, АҚШ, Қытай арасындағы келіссөздер жүргізу үшін елеулі әсерін тигізеді деген ойдамын. Ұзақ мерзімді стратегия бойынша Қазақстан үшін даму басымдығы, жаһандық трансформация, технологиялар даму бағдарламаларын қайта қарауды талап етеді. "Қазақстан 2050", "100 нақты қадам" бағдарламалары барын білемін. Қазақстан секілді 2050 жылға дейінгі бағдарламасы бар мемлекеттер бар ма? Қазақстанның өте бір керемет бағдарламасы бар, оны бақылап, қарау қажет. Қазақстанның, президент Назарбаевтың бастамаларын қолдаймын, әрі қарай өзекті мәселелерді талқылаймын деп ойлаймын, — деді ол.

Соңғы жаңалықтар