Халыққа қызмет көрсету орталықтары 2015 жылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтің тізбегін кеңейтіп отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Халыққа қызмет көрсету орталықтары 2015 жылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтің тізбегін кеңейтіп отыр

Халыққа қызмет көрсету орталықтары 2015 жылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтің тізбегін кеңейтіп отыр

Халыққа қызмет көрсету орталықтары 2015 жылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтің тізбегін кеңейтпек, деп хабарлады Қазақстан байланыс және ақпарат мемлекеттік агенттігінің баспасөз қызметінен.

  • 16 Маусым 2014
  • 318
Фото - Caravan.kz

Оның ішінде халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы республикадан басқа жаққа тұрақты тұруға кету құжаттарын ресімдеу, жетім балаларға қамқоршыларды белгілеу құжаттарын ресімдеу қызметтері енген. Сондай-ақ жеке кәсіпкерлер мұнда тіркеліп, патент ала алады, ал әскери қызметшілер қызмет бабында тұрғын үйге мұқтаж болғандар тізіміне өз мәліметтерін енгізе алады.

Жаңа сервистер 11 мемлекеттік органның құзыретінде.


Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін 32 қызметтен тұратын жаңа қызметтер тізімі арнайы ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында бекітілді.

Республикада ондай 259 орталық бар, жылдың басынан бері 11 млн аса мемлекеттік қызмет көрсетілген.