Халықтың қаражат жағдайы туу көрсеткішіне әсер етпейді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Халықтың қаражат жағдайы туу көрсеткішіне әсер етпейді

Халықтың қаражат жағдайы туу көрсеткішіне әсер етпейді

Халық санының төмендеуі әлеуметтік жағдайға байланысты ма? Бұл сұраққа Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Найля Мұхтарова жауап берді.

  • 20 Қазан 2023
  • 5
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы BAQ.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Демографияда демографиялық-экономикалық парадокс деген термин бар. Яғни еуропа елдерін қарасаңыздар ол жақта бір әйелде бір не екі бала бар. Ал мешеу мемлекеттерді қарасақ, әйелдердің 5-6 баласы бар. Демек, бұл жерде қаражатқа байланысты емес, – деді Мұхтарова.

Айтуынша, демографиялық туу көрсеткіші экономикалық мәселелерге байланған емес.

Қоғамда “аналарға көбірек қаражат беруіміз керек сонда көбейеді” деп айтып жатамыз. Иә, мемлекет тарапынан қандай да қолдау болуға тиіс, – деді ол.

Еске салсақ, Найля Мұхтарова болашақта елімізде туу көрсеткіші азаятынын айтқан еді.