Жарияланды: 420

Халықтық банк 2003-жыл соңында 40 млн.$ көлемінде таза пайда табуды межелеп отыр

Қазақстан Халықтық банкі 2003-жыл соңында өткен жылғыдан екі есе артық, немесе, 40 млн.$ көлемінде таза пайда табуды межелеп отыр. Бұл туралы бүгін, 24-шілдеде Алматыда Халықтық банк басқармалары төрағасының бірінші орынбасары Серік Святов хабарлады.

2003- жылдың алғашқы жартысының қорытындысы бойынша Халықтық банктің таза пайдасы қазақстандық есеп беру стандартына сәйкес 3,050 млрд. теңге немесе 20,6 млн. долларды құрады. Сондай-ақ, банк басшылығы басқа да қаржылық көрсеткіштер бойынша едәуір өсімге қол жеткізуді көздейді. Айталық, банк активтері 50%-ке өседі деп күтілуде. 1-шілде күнгі жағдаймен Қазақстандағы банк жүйесін қалыптастырушы жетекші үш банктің қатарындағы Халықтық банктің активтері 228,167 млрд. теңгеге жетіп ($1,542 млрд.), өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 67%-ке немесе 76,3 млрд. теңгеге артты. Банктің жарғылық қоры 2,784 млрд. теңгеге (немесе 72%-ке) артып 9,881 млрд. теңгені ($66,7 млн.) құрады. Банктің жеке капиталы 7,1 млрд. теңгеге ( 68%) өсіп , 22,634 млрд. теңгеге ($152,9 млн.) жетті. Халықтық банктің филиалдық желісіне 582 құрылымдық бөлімше қамтылады, соның ішінде 20 облыстық және аймақтық, 135 аудандық, 427 есеп-кассалық бөлімшесі бар. Төлем карточкалары бойынша қызмет көрсету желісінде 371 банкомат, 1869 POS-терминал мен 1168 импринтер бар.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін